«Turan Consulting» заң клиникасы

Тұран Университетінің бизнес инкубаторындағы Заң клиникасына қош келдіңіз!

 

“TuranConsulting” Заң клиникасының мақсаты – халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін өтеусіз құқықтық кеңестер мен заң көмегін көрсету, халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасының деңгейін арттыру, сондай-ақ заң клиникасы тағылымдамадан өтушілерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру болып табылады.

 

Заң клиникасында адамдарға көмектесуге және заң ғылымындағы білімдерін жетілдіруге дайын заң факультетінің белсенді студенттері жұмыс істейді.

 

Заң көмегінің барлық кезеңдерінде “TuranConsulting” заң клиникасының тәлімгері студенттердің қызметіне бағыт береді және консультация береді.

 

Заң клиникасының менторы “Құқықтану және халықаралық құқық”кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты – Сарина Салима Абдыкадыровна.

 

Біздің топтың мүшелері:

  • 2-4 курс студенттері
  • Заңгерлердің оқытушылық құрамы.
  • Ментор

Заң клиникасының негізгі принциптері:

  • Заңдылық;
  • Құзыреттілік;
  • Жүгінгендердің құпиясын сақтау;
  • Ақысыз.
Online қабылдау