2025 жылы «Тұран» университеті THE Тұрақты даму рейтингінің 1001–1500 диапазонына енді.
Ең жоғары көрсеткіштер мына БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша анықталды:
Бұл нәтижелер университеттің БҰҰ-ның Тұрақты даму күн тәртібін жүзеге асырудағы жүйелі жұмысты көрсетіп, «Тұран» университетінің халықаралық беделін нығайтады.
QS World University Rankings: Asia 2026 қорытындылары бойынша Тұран университеті Азия және Орталық Азия аймағында 59-орынға ие болып, Азиядағы үздік университеттердің 1001–1100 тобына енді.
Қол жеткізілген көрсеткіштер университеттің тұрақты дамуын, академиялық әлеуетінің өсуін және халықаралық позицияларының нығаюын растайды.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі басшысы, Саясат Нұрбек ресми құттықтау жіберіп, Тұран университетінің ғылым мен жоғары білімді дамытуға, елдің халықаралық академиялық беделін арттыруға және жас ғалымдар үшін қолайлы орта қалыптастыруға қосқан үлесін атап көрсетті.
Рейтинг нәтижелері мен профильді министрлік тарапынан берілген жоғары баға университеттің даму стратегиясының тиімділігін растайды.
Алдағы жұмыс Times Higher Education Impact Ranking, QS University Rankings – World and Regional Rankings (WUR, Asia, Arab, LatAm & Caribbean, Europe) және QS Sustainability бағыттарында жалғасады.