ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы 2021-2022 оқу жылына

Құрметті Бакалавриат Студенттері!

 

Сіздерге ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық бойынша 2021-2022 оқу жылына конкурс жарияланғаны туралы хабарлаймыз. Тұран университетіне еуропалық жоғары оқу орындарына 7 квота бөлінген. Қаржыландыру ҚР БҒМ белгіленген нормалар шеңберінде және кейіннен есептілікпен ұшуды, визалық алымды, сақтандыруды және тұрғын үйді қаржыландырылады.

 

Іріктеу процесі (Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы N 613 Бұйрығы):

 

Студенттерді іріктеу 2 кезеңде жүргізіледі:

  • Университет ішіндегі конкурстық іріктеу;  
  • Конкурстық іріктеу және ҚР БҒМ кандидатураларды бекітеді.

 

Осы бағдарлама бойынша тәртіптік жазалары, қаржылық және академиялық борыштары жоқ бакалавриаттың 2 және 3 курстарының, грантта оқитындар студенттері шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға жіберілуі мүмкін

 

Қажетті құжаттар (1 кезең):

 

  • Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға байланысты өтініш (Қосымша)
  • Паспорттың көшірмесі
  • Транскрипт
  • Шет тілін меңгергендігі жөніндегі сертификат (егер болса)
  • Сертификаттар, жариялымдар, марапаттар

 

Барлық құжаттар топтамасын 2021 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде халықаралық ынтымақтастық бөліміне (каб. 707) өткізу қажет.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, мына телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7272 2604023, +7 701 679 90 36, Құттыбаева Гүлмира.

 

Заявление
Online қабылдау