«Тұран» университеті мен Antalya Bilim University (Түркия) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға және білім алушылардың тағылымдамасы туралы шартқа қол қою

2021 жылғы 19 тамызда “Тұран” университеті мен Antalya Bilim University (Түркия) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға және студенттердің тағылымдамасы туралы шартқа қол қойылды.

 

Рәсімге Antalya Bilim University Ректоры, профессор, доктор İsmail Yüksek   және “Тұран” университетінің сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры, доктор Таяуова Гүлжанат Жұбатқанқызы қатысты.

 

Тараптар білім беру саласындағы бірлескен оқу іс-шаралары, білім алушылар және қызметкерлермен алмасу бойынша ынтымақтастық, Rixos (Түркия) қонақ үйлерінде “Туризм” мамандығы студенттерінің жазғы тағылымдамасы, қос диплом бағдарламалары және т.б. туралы уағдаласты.

Online қабылдау