Тұран университеті мен Окан университеті (Okan University) өзара келісім шартқа қол қойды. Қол қою рәсіміне Тұран университетінің сыртқы байланыстар мен докторантура жөніндегі проректоры доктор Таяуова Гүлжанат Жұбатқанқызы, Окан университетінің проректоры профессор Guner Gursoy, көркем дизайн мен сәулет факультетінің деканы профессор Guliz Mugan,, Түркі халықтары кеңесінің басшысы Mahmut Oral мырза қатысты.
⠀
Окан университеті (www.okan.edu.tr) Қазақстанда 27 жылдан бері бизнеспен айналысып келе жатқан, “Сұлтан” маркасымен танымал Түркиялық алып корпорация “Окан” компаниялар тобына тиесілі.
⠀