Құрметті оқырмандар, Springer Nature компаниясы 2020 жылғы 28 қыркүйек айында, сағат 17:00-ден 18:15-ке дейін (Алматы уақыты бойынша) “Springer Nature көмегімен ғылыми кітаптарды жариялау: электрондық кітаптар саласындағы ағымдағы үрдістерді түсіну” атты вебинарды ағылшын тілінде өткізеді.
⠀
Ғалымдар мен зерттеушілерді біздің баспада кітаптарды тегін жариялау үдерістерімен таныстырады, пайдалы кеңестермен бөлісіп, зерттеу қоғамдастығына және академиялық топтардың электрондық оқытуға көшуіне тигізетін әсерін атап көрсетеді.
⠀
Вебинарға қатысу тегін және әр сессияның соңында сұрақтар мен жауаптарға уақыт бөлінеді – ең бастысы интернет арқылы телефонға немесе компьютер гарнитурасына кіру қажет.
⠀
Вебинар тілі: ағылшын
Баяндамашылар:
Сатвиндер Каур (Ms.Satvinder Kaur) – Springer Nature баспасының редакторы
Лин Самара (Ms. Leen Samarah) – Springer Nature дамыту жөніндегі менеджері
Вебинарға сілтеме бойынша өтіп, тіркеліңіз.
https://register.gotowebinar.com/register/4723329739131418384