ЭКЖ IPRBOOKS вебинары 11 қазан күні, сағат 17:00-де өтеді.

Құрметті Тұран университетінің оқытушылары мен студенттері!

 

Университет өзінің ЭАБО құрамына кіретін, ең ірі орыс тілді толықмәтінді IPR BOOKS электронды-кітапханалық жүйесін қолданады.

 

2021 жылдың 15 қазанында сағат 17.00-18.00-де (ҚР уақыты бойынша) ZOOM платформасында «IPR BOOKS электронды-кітапханалық жүйесімен жұмыс істеу бойынша студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына арналған цифрлық сабақ» атты онлайн-семинар өтеді.

 

Сілтеме бойынша тіркелу МІНДЕТТІ

 

Тіркелген оқытушылар семинар соңында атаулы сертификаттар алады.

Өткізу уақыты: 1 сағат

Жүргізуші: Кошелев Александр Анатольевич, IPR MEDIA компаниясының білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы

 

Семинарда келесі мәселелер қарастырылады:

  1. ЭКЖ-мен жұмыс істеу бойынша студенттер мен оқытушыларға арналған негізгі сервистер.
  2. Университеттің дайындық бағыттары бойынша бірегей лицензиялық контент.
  3. Электронды кітаптарды пайдаланудан толық мультимедиялық форматтарға қалай көшуге болады? IPRBOOKS ЭКЖ премиум-контентін қалай тиімді пайдалануға болады: 40 000-нан астам басылымдар, бейне, аудио-контент, тесттер
  4. Пән бойынша әдебиеттерді тізіммен қалай тез таңдауға, студенттерге ұсынуға және сонымен бірге нәтижелерді пәннің жұмыс бағдарламасын қалыптастыруда қолдануға болады.  Бірден бірнеше мәселені тез арада шешеміз!
  5. Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу үдерісін қалай түрлендіруге болады.
Қабылдау комиссиясы