“ALTER EGO” кітап клубының ашылуы

“ALTER EGO” КІТАП КЛУБЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙМЫЗ.

 

Студенттерді 8 қазан күні сағат 16.00-де кітапханаға шақырамыз. Кездесуде Джордж Оруэллдің “1984” антиутопиялық романын талқылаймыз.

 

“Alter Ego” кітап клубының (@turan_library) отырыстары екі аптада бір рет “Genius Turan” зияткерлік клубымен (@genius.turan) бірлесе өтетін болады.

 

Кездесу барысында біз 3 сұрақты талқылаймыз:

 

  1. Сіздің оқыған кітабыңыздан алған әсеріңіз?
  2. Кітаптың мәні неде?
  3. Ұсынамын/ Ұсынбаймын

 

Кітаптарды таңдау барысында:

 

  • әрбір клуб мүшесі өз нұсқасын ұсынады, Instagram-да дауыс беру қорытындысы бойынша кітап анықталады
  • кездесулерде “еркін микрофон” қағидасы қолданылады

 

Клуб мүшесі келесілерге қол жеткізеді

 

  • қызығушылықтар бойынша қауымдастық / пікірлестер қауымдастығы
  • көпшілік алдында сөйлеу дағдылары
  • әр түрлі әдебиеттерді оқу, талқылау арқылы оқығанды есте сақтау
  • кітапхана жобаларына қатысу

 

Сондай-ақ, біз арнайы шығармашылық адамдармен кездесулер өткізуді, ең белсенді қатысушылармен подкасттар жазуды жоспарлап отырмыз.

Online қабылдау