ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігінің өкілдерімен кездесу

2021 жылдың 1 қазанында Тұран университетінде Қазақстандағы Франция елшілігінің өкілдерімен кездесуде мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесші Алекс Бортолан мырза,  Ресейдегі және Қазақстан Республикасындағы аудиовизуалды ынтымақтастық бойынша атташе Эмманюэль Фосийон ханым, мәдени атташе Лейла Бушра ханым қатысты.

 

Кездесуде тараптар Тұран университетінің Тұран киноакадемиясы жоғары мектебі мен әйгілі француз кино мектептері (FEMIS, Lumière, Gobelins) арасындағы әлеуетті ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ студенттердің академиялық ұтқырлығы, Қазақстанда шеберхананың ашылуы және екі елдің студенттері өз жұмыстарымен бөлісе алатын халықаралық киноклуб құру, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілікті арттыру мүмкіндігің талқылады.

 

«Сандық технологиялар және өнер» факультеті 1998 жылдан бастап кино және теледидар, сонымен қатар сабақтас салалар үшін техникалық және шығармашылық кадрларды даярлайды. Факультетте мамандандырылған дәрісханалар – теледидар студиялары, павильондар және шығармашылық, техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға арналған зертханалар жұмыс істейді.

Соңғы жазбалар
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: