«Менің отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың слеті

«Тұран» университетінің өкілдері: туризм ҒЗИ директоры, п.ғ.д., профессор Вуколов Владимир Николаевич, «Туризм және сервис» кафедрасының сениор-лекторы Оспанова Анар Қайратовна, ассистент-лектор Беркимбаев Темирлан Болатович слеттің қазылар алқасының құрамында болды.

 

Іс-шараны 2021 жылғы 21-23 қыркүйекте ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Слетке «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық отрядтарының жеңімпаз командалары – республиканың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарынан 170 жас турист қатысты. Олар туристік экспедиция маршруттарын, «Туған өлке тарихы» виртуалды саяхаттарын ұсынды, өлкетану зерттеу жобаларын, экологиялық экспедицияларды қорғады, жорықта «зардап шеккендерге» дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын көрсетті. Слеттің республикалық финалының қорытындысы бойынша жеке есепте 30 жеңімпаз және жалпыкомандалық есепте 3 жеңімпаз анықталды.

 

Слет номинациясын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қазақ спорт және туризм академиясының, Қазақ технология және бизнес университетінің, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, Алматы қ. «Тұран» университетінің оқытушылары мен педагогтерінен құралған қазылар алқасының 18 мүшесі бағалады.

 

«Тұран» университетінің ұжымы қатысушыларды құттықтап, алдағы уақытта табыс, лайықты жеңістер мен лайықты марапаттар тілейді!

Online қабылдау