«Тұран» университеті профессор, техника ғылымдарының докторы — Джапаров Борис Аликеновичті 2021 жылы 24 қыркүйекте Еуропалық ғылым және өнер академиясының (EASA) мүшесі болып сайлануымен құттықтайды.
Құрметті Борис Аликенович, шетелдік көрнекті ғалымдар мен практиктерді біріктіретін академия сіздің кәсіби және тұлғалық қасиеттеріңізді, үлкен өмірлік тәжірибеңізді, ой-өрісіңіздің кеңдігін, жоғары жауапкершілігіңізді лайықты бағалағанына шын жүректен қуаныштымыз.
Сізге мықты денсаулық, ойыңыздағы жоспарлардың жүзеге асуын, алдағы уақытта да қызметіңізге табыс пен Отан игілігі үшін жаңа кәсіби жетістіктерге жетуіңізді тілейміз!