«KAZLOGISTICS» көлік қызметкерлерінің VIII Жастар форумы «Пандемия кезіндегі логистика»

 

Көлік саласындағы мамандардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері Одағы ағымдағы жылдың 12-15 қазанда «Пандемия кезіндегі Логистика» тақырыбында «KAZLOGISTICS» көлік қызметкерлерінің VIII Жастар форумын өткізді («Тұран» университетінің базасында).

 

Ағымдағы жылдың 12 қазанында жастар форумының салтанатты ашылуы өтті, қатысушылар «Тұран» университеті, ALMAU, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Логистика және көлік академиясы (ЛжКА), Азаматтық авиация академиясы (ААА), Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы (ҚазЕжӘҚА), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақ-Неміс университеті (ҚНУ), Халықаралық бизнес университеті (UIB), Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ сияқты Қазақстанның жетекші логистикалық компаниялары мен жоғары оқу орындарының өкілдері болды.

 

Ашылу аясында Тұран университетінің ректоры Р.А.Алшанов кездесуге қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Ол атап өткендей, ЖОО бүгінгі таңда көлік және логистика саласындағы кәсіби даму мәселелерін талқылау үшін әлеуетті жұмыс берушілер, университеттер мен студенттер үшін Қазақстанда бірыңғай алаң құру және тәжірибе алмасу үшін саланың кәсіби мамандарын біріктіруді қамтамасыз ету және жәрдемдесу, іске асыру үдерістерін қолдау бойынша ресурстық алаң болып табылады.

 

Сондай-ақ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері Одағының Бас директоры Е.С.Абсатов жастар форумына қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Ол «Жастар саясаты «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері Одағы қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Жұмыс студенттерді – көлік саласының болашақ мамандарын көлік-логистика саласын қалыптастыру және жетістіктерімен таныстыру үрдісіне тартуға бағытталған» деп атап өтті.

 

Форумның қатысушылары мен қонақтары USAID CTJ жобасының көлік және логистика бағытының жетекшісі Бейсеева Айжан Амангельдиевна, «KTZ Express Hong Kong Limited» ЖШҚ бас директоры Жұмабеков Мейрхан Мерекеевич, «Эйр Астана» АҚ жүк тасымалдаудың Басқарушы директоры Шаяхметова Жанна Жумагалиевна, Next Generation CILT Central Asia төрайымы Маратқызы Арайлым болды. «Тұран» университетінің Ректоры Алшанов Рахман Алшанұлы форум қатысушылары мен қонақтарына құттықтау сөз сөйледі.

 

Аталған іс-шараның ұйымдастырылуына «Тұран» университетінің «Маркетинг және логистика» кафедрасының меңгерушісі Чакеева Қ.С., кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Кадырова К.Ж., Тарақбаева Р.Е., Жаңабергенқызы А. маңызды үлес қосты.

 

12 қазанда форум жұмысының барысында студенттік жобалардың презентациялары ұсынылды, онда Логистика мамандығының 4 курс студенттері Панкратова Анастасия, Синицына Анастасия, Сайфуллина Эльмира, Липинский Даниил «Контейнерлік тасымалды қадағалауға арналған Onlinecontrol сервис» жобасымен жеңімпаз атанды. Жоба жетекшісі – «Маркетинг және логистика» кафедрасының сеньор-лекторы Смаилова Б.К.

 

Бұл іс-шара форум қонақтарының, сондай-ақ қатысушыларының өздерінің үлкен қызығушылығын және ыстық қолдауын тудырды.

 

«Тұран» университеті осы шараның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына үлкен алғыс білдіреді.

Жемісті ынтымақтастықтың одан әрі дамуына үміттенеміз!

Online қабылдау