Магистратураға түсу үшін құжаттар 24 қаңтарға дейін қабылданады

Биыл 1 қарашада магистратураға түсу үшін екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдау басталады.

Байқауға жазда грантқа түсе алмаған үміткерлер де, бұрын кешенді тестілеуден өтпегендер де қатыса алады.

  • Екінші кешенді тестілеуге қатысу үшін тіркелу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтеді.
  • Құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 1-15 қараша аралығында жүргізіледі.
  • Кешенді тестілеу 2021 жылдың 18 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін өтеді.
  • Магистратураға грантқа үміткерлер дәстүрлі түрде
  • шет тілі,
  • білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша және оқуға дайындығын анықтау бойынша тест тапсырады.
  • Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар адамдар автоматты түрде шет тілі бойынша тестілеуден босатылады.
  • Тест нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Нәтижелерімен келіспеген жағдайда қатысушылар емтихан аяқталған соң 30 минуттан кейін онлайн-апелляцияға өтініш бере алады.
  • Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, бейінді магистратураға түсу үшін 50 балды құрайтынын атап өткен жөн.
  • Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар 2021 жылғы 25 желтоқсанға дейін қабылданады.
  • Магистратураға қабылдау 2021 жылғы 26 желтоқсан мен 24 қаңтар аралығында өтеді.

 

Университеттің қабылдау комиссиясына қажетті құжаттар пакеті:

  • Ректордың атына өтініш;
  • Жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы (қосымшаларымен дипломдар));
  • Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Суреттер 3×4 (6 дана).
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 075-У нысанындағы медициналық анықтама (бұдан әрі — № 907 бұйрық));
  • Жалпы еуропалық құзіреттіліктерге (стандарттарға) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда).

 

КОНТАКТЫ:
+7 (727)260-40-00

+7(771)260-40-40

Online қабылдау