“Тұран” университетінің студенттері Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің “Аналитик” халықаралық студенттік клубының мүшелері болып табылады. 2021 жылдың 29 қазанында сағат 15.00 – клубтың кезекті отырысы өтті, онда “есеп және аудит” мамандығының 4 курс студенттері: Тиранова Е., Слямхан Н., Зеленская А. “Қазақстандағы кәсіпорындардың қаржылық емес есептілігін енгізу қажеттілігі мен мүмкіндігі” баяндамасымен сөз сөйледі (1-сурет). Кездесу онлайн форматта өтті.