Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы «Тұран» университетімен бірлесіп «Бизнесті дамытудың цифрлық стратегиялары мен медиа-жоспары» тақырыбындағы шараны өткізді. Спикерлер ретінде қазақстандық Webpromo компаниясымен бірге Украинадан сарапшылар қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар бәсекелестік талдау жүргізу және өзіндік стратегияны қалыптастыру, сайттың көмегімен сатуды қалай арттыруға болады және интернет-маркетингте нақты мақсаттарды қалай қалыптастыруға болатынын үйренді.