Италияда «Туризм» білім беру бағдарламасының түлегі Бакиева Санам тағылымдамадан өтті

Италияда халықаралық тағылымдама-өзінің болашақ мамандығын бастау үшін тамаша мүмкіндік. 2021 жылы шыққан Кармина Барбаро директоры болып табылатын “Тұран” университеті мен “Италия” Білім беру орталығының қолдауымен Бакиева Санам «NICOLAOS» қорының тағылымдама бағдарламасы бойынша өз арманын жүзеге асырып, итальяндықтармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды.

 

Тағылымдама екі айға созылды, осы уақыт ішінде Санам мейрамхана және қонақ үй сервисінің түрлі позицияларында кіші маман, ресепшн, қонақ үй жанындағы мейрамхана қызметкері болып жұмыс істей алды.

 

«Мен тек кәсіби шеберлігімді жетілдіріп қана қоймай, итальян тілін үйренуге, итальян мәдениетімен танысуға тамаша мүмкіндік алдым», – дейді түлек.

 

Сондай-ақ, «Nikolaos Club Il Gabbiano Hotel» қайырымды және тілектес ұжымын атап өткім келеді, ол команда тағылымдамадан өтушілерді жылы қабылдады және өз тәжірибесімен және білімімен бөлісті. Аға әріптестер әр тапсырма барысында, сондай-ақ тағылымдама нәтижелері бойынша кері байланыс берді.

 

Егер сіз білім алуға, жоғары талаптарды орындауға, сыни-пікірлерді тыңдап, қабылдауға және тілдік кедергілерді жоюға дайын болсаңыз – итальян тілін үйреніңіз және өзіңіздің  жаңа  көкжиектеріңізді ашыңыз!

Online қабылдау