«Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасының студенттері үшін Шынар Жәнібекованың қонақ дәрісі

Дәріс «Мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорнының брендін басқару» (оқытушылар Г.К. Ерубаева және Г. Ш. Файзуллина) және «Мейрамханалар мен қонақ үйлердегі қызмет көрсету техникасы» (оқытушы А. М. Сарсебаева) пәндері аясында өтті.

 

Тәжірибелі кәсіби PR маманы  Шынар Жәнібекова «Брендтерді жылжытудағы өзекті тенденциялар»тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістің басты мақсаты – студенттер оқуды аяқтауды күтпей-ақ, digital skills-ті меңгеріп, оны игеруі қажет. Себебі болашақта брендтерді жылжыту негізінен digital технологияларына негізделеді. Оларға қосымша өнім, кәсіпорын, жеке тұлға нарығында позициялауды дамыту үшін жеке тұлғаны іздеу мәселелерін шешуде шығармашылық тәсіл болады. Қоғамдық кеңістіктегі әлеуметтік және жеке капитал қазіргі уақытта барлық адамдар үшін маңызды, сондықтан студенттер де бұл туралы ойлануы керек. Дәріс өткен университеттің White hall –дағы безендіру студенттер алдында ұсынылған перспективаларға оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.

 

Шынар Жәнібекова – Қазақстандық PR кәсіпқойлары клубының тең құрылтайшысы, «Күміс садақшы» қоғаммен байланыс жөніндегі ресейлік байқаудың «2002 жылдың үздік PR-жобасы» номинациясының дипломанты. Қоғаммен байланыс саласындағы «Ақ Мерген», «Үздік PR-жоба 2011», «Үздік PR-жоба 2021» ұлттық сыйлығының иегері. Бірқатар заң жобаларын әзірлеу бойынша мемлекеттік жұмыс топтарына қатысты.

Online қабылдау