Қараша айында Қазақстан қолөнершілер одағы ұйымдастырған ҚР Мемлекеттік А.Қастеев атындағы өнер мұражайының екі залында «Шебер» көрмесін тамашалауға баршаның мүмкіндігі бар.Этнография, мұражайлар, шығармашылық, білім және туризм тақырыптары бір жерде тоғысты. «Туризм және сервис» және «Журналистика және аударма ісі» кафедраларының оқытушылары мен студенттері жәдігерлерді тамашалап қана қоймай, танымдық фильм түсіруге, Turan челлендж арнасына материал дайындауға атсалысты. Тастулекова Сәуле Исаевна студенттердің іс-әрекетіне кәсіби жетекшілік етті, Файхуллина Ғалия Шәукетовна мұражайда түсіру мүмкіндіктерін және Қазақстан Қолөнершілер одағының төрағасы, WCC-APR кеңесшісі және құрметті мүшесі Айжан Бекқұлованың авторлық экскурсиясын ұйымдастырды. Ол көрменің жауһарларын жасаған шеберлер, бұл 10 байқау жеңімпаздарының туындылары туралы ғана емес, сонымен қатар нысандардың жасалу тарихына тоқталып, Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы өз білгенімен бөлісті. Байқауда бірқатар пәндер бойынша студенттерді көрнекі түрде оқыту тұрғысынан қызығушылық тудыратын «Қазақстан бренді» және «Қазақстанның кәдесыйы» номинациялары қарастырылған.