2021 жылдың 9 қарашасында “Тұран” университетінің “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының белсенділері қауымдастырылған профессор, заң ғылымдарының кандидаты Алдабергенова Нонна Алдабергеновна және сениор-лектор, PhD докторы Джумабаева Қарлығаш Асильхановна “Jas Otan” жастар қанатының пробациялық бақылау қызметіне сәйкес жіберілген NEET санатындағы жастарға арнайы құқықтық кеңес берді.
Ғылымда NEET термині ағылшын тіліндегі “Not in Employment. Education or Training” деп аталады, аударымында «жұмыс істемейтін, оқымайтын немесе басқа істермен айналыспайтын адам” дегенді білдіреді.
«Jas Otan» ЖҚ өкілдері, “Тұран” университетінің “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының оқытушыларына алғыс білдіреді!