“Қаржы” ББ студенттері – Бизнес Инкубатор резиденттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды табысты аяқтауымен құттықтаймыз!

2021 жылдың 4-29 қазан аралығында “Тұран” университеті “Qolday” Кәсіпкерлік орталығымен бірлесіп “Жастар кәсіпкерлігі”курсы бойынша Minor-да оқу өтті. Оқытуды блоктар республиканың жетекші бизнес – жаттықтырушылары жүргізді.

 

Оқу барысында студенттер кәсіпкерліктің негізгі мәселелерін, жобалармен топтық жұмыс дағдыларын оқып, сондай – ақ өздерінің бизнес-модельдерін, ерте өнімнің прототиптерін ұсынуға мүмкіндік алды.

 

“Қаржы” ББ студенттері – бизнес инкубатор резиденттері өз бизнес – үлгілерін лайықты қорғап, сертификаттар алды. Олардың ішінде: 4 курс студенттері Баженова Аружан, Елтаева Дана, Чан хентай және 3 курс студенті Ивелаева Ясмин.

 

Біз Сіздерді мақтан тұтамыз және құттықтаймыз!

Online қабылдау