«Тұран» университетінің студенттері Республикалық дебат турнирінде 1-ші орын алды

2021-ші жылдың 13-14 қараша күндері Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік – Қазақстан университетінде “Ақиқат” дискуссия орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30-жылдығы және 17-қараша-Халықаралық студенттер күніне арналған республикалық “Тәуелсіздік- Мәңгілік елдің тұғыры” Ректор кубогі турнирі өтті. Турнирге 8 аймақтың 16 университетінен жиналған 54 фракция қатысты.

 

Жүлделі орын иегерлері үздік фракция атанғандар:

  • I орын – «Тұран» университеті  «Sirius» ИДК, 300 000 тг;
  • II орын – «Нархоз» университеті, 200 000 тг;
  • III орын – «Қорқыт Ата» университеті, 100 000 тг.

Толығырақ

Online қабылдау