IX «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық студент жастардың патриоттық форумы

26 қарашада 2021 жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтетін IX «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық студент жастардың патриоттық форумы шеңберінде «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауының нәтижелері баяндалды.

 

Гуманитарлы-заң факультетінің қазақ бөлімінің “Құқықтану” мамандығының 1 курс студенттері Арманқызы Қызғалдақ “Туған табиғатты аялау – азаматтық міндет!” және Барзамова Тахмина  “Sanaly urpag” жобасымен «Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының сениор-дәріскері, PhD К.А. Джумабаеваның жетекшілігімен Республиканың 50 университеті арасында лайықты 3-ші орынға ие болды.

 

“Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасы жоба қатысушыларын жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта табыс тілейді!

Online қабылдау