2021 жылдың 8 қазанынан 10 қарашасына дейін Алматы облысы білім басқармасы мекемесінің «Жетісу дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді. Аталған конкурстың «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясының қазылар алқасының құрамына «Тұран» университетінің «Туризм және сервис» кафедрасының сениор лекторы Демеуова Бақытгүл Маратқызы кірді.
Конкус комиссиясының жұмысы кезінде ғылыми жұмыстарды бағалау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Нәтижесінде конкурстың республикалық кезеңіне қатысу үшін іріктеуге жіберілген үздік жобалар таңдалды. Қатысушылар мен қазылар алқасының мүшелері оқу-әдістемелік орталықтың директоры А. Башаровтың алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталды.