10 және 11 желтоқсанда Қазақстанның жоғары оқу орындарында «Шекарасыз орыс тілі: орыс мәдениетін шетелде ілгерілетудің білім беру модельдері» халықаралық педагогикалық форумы өтеді.

Форумды ұйымдастырушы Н.И. Лобачевский атындағы Нижегород мемлекеттік Ұлттық зерттеу университеті болып табылады. Форумды өткізу идеясын Ресей Федерациясының Білім министрлігі қолдады. Жоба Қазақстанның жоғары оқу орындары: «Тұран» университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қаржы академиясының қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

Форум аясында «Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың теориясы мен практикасының өзекті мәселелері: қазіргі заманның сын-қатерлері және ашық білім берудегі даму перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция, «Ресей-Қазақстан: гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту” пікірталас алаңы, педагогика, орыс тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі, білім алушыларды электрондық оқыту шынайылығына бейімдеу және олардың оқудан тыс жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша шеберлік сыныптары мен дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Іс-шараның форматы –  (күндізгі-қашықтықтан).

Педагогикалық форумға мұғалімдер, ЖОО оқытушылары, ғалымдар, әдіскерлер, мәдениет өкілдері қатысады.

 

Форумға қатысу үшін Сайтта тіркелу қажет https://ru-miru.com/

 

Байланыс деректері Форумның Ұйымдастыру Комитеті:

E-mail: forum_rki@unn.ru

Тел. +7 831 462 38 37

Жохова Наталья Сергеевна, ұйымдастыру комитетінің хатшысы

Online қабылдау