2021 жылдың 16 қарашасында «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстанда және жақын шетелдерде халықаралық қаржылық есеп беру және аудит стандарттарын енгізу мәселелері» тақырыбында халықаралық студенттік дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Ресей және Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Санкт-Петербург мемлекеттік экономика университетінен келген қонақтар қаржылық есептілікті оңтайландыру және активтерді бағалау туралы сөз сөйледі (1, 2-сурет). Ауыл шаруашылығы өндірісінде ХҚЕС қолдануды Алматы технологиялық университетінің студенті ашты (3-сурет). «Нархоз» университетінің студенттері мен біздің университетіміздің әртүрлі мамандықтарының студенттері дөңгелек үстел тақырыбы бойынша тиісті баяндамалар дайындады (4-сурет).
Модератор: э.ғ.к, доцент Досаева А.Ж.