2021 жылғы 10 желтоқсанда дөңгелек үстел өтті “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАУ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР”

Ұйымдастырушылар: “Тұран” университетінің Туризм ҒЗИ, “Туризм және сервис” кафедрасы.

Мақсаты – Қазақстан Республикасында тау туризмін дамытудың проблемалары мен перспективаларын талқылауға бастамашылық ету. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасында тау туризмін дамытудың өзекті мәселелері және оның мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саласын жетілдірудегі рөлі жөнінде пікір алмасу жоспарлануда.

 

Дөңгелек үстел бағдарламасы аясында сөз сөйлегендер –

 

  • Вуколов Владимир Николаевич-педагогика ғылымдарының докторы, профессор, спорттық туризм бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, “Тұран”университетінің Туризм ғылыми-зерттеу институтының директоры;
  • Ярошевский Алексей Эдуардович, халықаралық спорттық туризм федерациясының бірінші вице-президенті (Мәскеу, Ресей), тау туризмінен КСРО спорт шебері;
  • Калашникова Елена Анатольевна, “Ақсай Тревел” туристік компаниясының директоры (Бішкек, Қырғызстан), альпинизм бойынша КСРО спорт шебері;
  • Литвинов Вячеслав Арсентьевич, Шығыс Қазақстан облысы альпинизм, құзға өрмелеу және мұзға өрмелеу федерациясының президенті, тау туризмі бойынша спорт шеберіне кандидат;
  • Еркебұлан Хасенов, Алматы тау кластері Біріккен жобалық кеңсесінің жетекшісі, “Kazakh Tourism ҰК” АҚ Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры;
  • Иманғалиев Темірлан Октанович-ғылым магистрі, “Туризм және сервис” кафедрасының сениор-дәріскері, “Тұран”университеті.

 

Ұйымдастырушылар: “Тұран” университетінің Туризм ҒЗИ, “Туризм және сервис”кафедрасы.

 

Қатысушылар проблемалық мәселелерді қозғайтын қызықты баяндамаларды онлайн (14 адам) /офлайн (21 адам) тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша Қарар қабылданды.

Online қабылдау