2021 жылдың қараша айында «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары (Иванюк Т. Н., Арышев В. А., Жексембина А. Е.) Алматы мемлекеттік көпсалалы колледжінің білім алушыларымен кездесті. (Сурет 1. Кездесу кезіндегі университет оқытушылары) Оқытушылар “Есеп және аудит” білім беру бағдарламасы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру туралы толық ақпарат берді, сондай-ақ «Тұран» университетінің қызықты студенттік өмірі туралы айтып берді. (Сурет 2.Иванюк Т.Н. баяндамасы) Колледж оқушылары белсенді сұрақтар қойып, толық жауаптар алды. (Сурет 3. Білім алушылардың белсенді қатысуы)