2021 жылдың 10 желтоқсанында «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары (Арышев В. А., Иванюк Т. Н., Барышева С. К., Тойлыбек Т. Г.) «Тұран» университетінің колледж түлектерімен кездесті. Білім алушыларға «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы туралы ақпарат ұсынылды (1-сурет). Білім алушылар бухгалтер-аудитор мамандығына терең қызығушылық танытты және университетте осы профиль бойынша оқуын жалғастыруға ниет білдірді. (2-сурет) «Тұран» Университетінің қабылдау комиссиясының департаментінің өкілі колледж түлектерінің көптеген сұрақтарына жауап берді. (3 сурет)