«Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының студенттері – Жас кәсіпкерлер

Бизнес-инкубатордың резиденттері Болатова Дана, Ибрагимов Алишер, Сейтул Томирис, Безуглова Татьяна 2021 жылдың 4-29 қазан аралығында «Тұран» университетінде «Қолдау» кәсіпкерлік орталығымен бірлесіп «Жастар кәсіпкерлігі» курсы бойынша Minor курстан өтті. Оқыту нәтижесі бойынша «Есеп және аудит» БББ 4 курс студенттері Жеке ЖМК «MobilMed» тақырыбына жоба дайындады (1-сурет). Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәселелерін зерттеп, топтық жұмыс дағдыларын алған олар жобаның бизнес үлгісін жасады (2-сурет). Орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша студенттер сертификаттар алды (3-сурет). Модератор: э.ғ.к., ассоц. профессор Доссаева А.Ж.

Online қабылдау