«Есеп және аудит» кафедрасының халықаралық ынтымақтастығы

«Есеп және аудит» мамандығының студенттері мен «Бухгалтер-аудитор» студенттік клубымыздың жетекшісі Санкт-Петербург мемлекеттік экономика университетінің «Аналитик» халықаралық студенттік клубының жұмысына қатысуда (1-сурет). 2021 жылдың 25 қарашасында «Аналитик» клубының кезекті отырысында «Бухгалтерлік есеп және аудит» БББ 4 курс студенті Камзина Ажар сөз сөйледі (2-сурет). «Есеп және аудит» кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Ж. Досаеваның  жетекшілігімен «САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІНДЕГІ ҚАТЕЛІКТЕРДІ ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ» тақырыбына ғылыми жұмыс дайындады (3-сурет). Кездесу онлайн режимінде өтті.

 

Модератор: э.ғ.к, қауымдастырылған профессор Досаева А.Ж.

Online қабылдау