«Шексіз Қазақстан» туристік жобалар конкурсы

2021 жылдың 15 желтоқсанында мектеп және колледж оқушылары арасында жыл сайынғы «Шексіз Қазақстан» туристік жобалар байқауы өтті. Конкурс туризмге қызығушылық танытатын талантты білім алушыларды анықтау және қолдау мақсатында өткізіледі.

 

Жеңімпаздарды салтанатты түрде құттықтау 24 желтоқсанда «Тұран» университетінде өтті.

 

I орынды Муканова Жібек, Мурзагалиева Еңлік, Әбіл Нұржан және Өтеналиева Ақбота құрамында Халықаралық қазақ-қытай тілдік колледжінің оқушылары «Азимут» командасы иеленді.

 

II орынды Мәлік Томирис пен Алпысбай Камиланың құрамында Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің командасы иеленді.

 

«Демалыс үшін үздік идея» номинациясына Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінің оқушылары «Bomfire» командасы ие болды (Атаназаров Нұрбол, Даулетқызы Дана, Сейткарим Бекмырза, Бақытқызы Жанерке және Өтегенов Әмір).

 

«Туризм және сервис» кафедрасының ұжымы қатысушыларды құттықтап, алдағы уақытта табыс, лайықты жеңістер мен лайықты марапаттар тілейді!

Online қабылдау