«Есеп және аудит» кафедрасы 2021 жылдың 2 желтоқсанында «АЖУР тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШС-ң директоры Жаманкараева Светлана Сатыбалдиевнаны «Есеп және аудит» ББ 191(4) тобымен эвайзерлік сағат өткізуге шақырды. Эдвайзер сағаты сағат 17.00-де 510 аудиторияда өткізілді. Тәуелсіз аудиторды студенттерге топтың эдвайзері, “Есеп және аудит” кафедрасының ассоц. профессоры Досаева А.Ж. таныстырды (1 сурет). Бизнес-практик өз тәжірибесімен бөлісті, аудиттегі проблемалық мәселелер туралы айтты (2-сурет). С.С. Жаманқараева жүргізген әңгіме нәтижелері бойынша студенттер біздің мамандығымызды таңдағанына риза болды, сонымен қатар көптеген сұрақтарға жауап алды (3-сурет). Эдвайзер: э.ғ.к., ассоц. профессор Досаева А.Ж.