Университет ректоры 2022 жылғы қаңтар айының басында Алматы қаласындағы тәртіпсіздік кезеңінде жатақханада тұратын студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін «Тұран» университетінің қызметкерлеріне алғыс айтып, марапаттады.
Университет қызметкерлері Е.С. Сәрсенбаев, Ш.Н. Жүсіпова, М.М. Аблизов, Р.Т. Жарылқасын, А.Н. Қасымжанов, Д.Е. Абилова, Е.Т. Шалғымбаев өз қауіпсіздіктерін қатерге тігіп, оқу корпусы мен университет жатақханасын қорғауда ерлік көрсетті.