«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 2 ақпан күні ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2021» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

 

Жүлдегерлердің әрқайсысына арнайы төсбелгі мен ақшалай сыйлық табысталды.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұл байқауға біздің университеттің оқытушысы қатысты. Қасымжанова Анаргүл Әлиақпарқызы психология ғылымдарының кандидаты, психология кафедрасының профессоры, Қазақстан психологтар қауымдастығының мүшесі, НЛБ, Эриксон гипнозы саласындағы маман, эннеаграмма практигі және шебері.

 

Анаргүл Әлиакпарқызын осы байқаудағы лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық және ғылыми табыстар тілейміз!

Online қабылдау