Пікірталас оқыту әдісі ретінде!

2022 жылғы қаңтар айында «Tournaman» қоғамдық қоры «Тұран» университетінің оқытушылары үшін «Пікірталас оқыту әдісі ретінде» тренингін ұйымдастырды.

 

Ежелде пікірталас құрылымдық талқылаулар жүйесі ретінде қарастырылып, саясатта жиі қолданылған. Қазіргі кезде пікірталас белгілі бір пәндерді оқытуда қолданылады. Дұрыс ұйымдастырылып, өткізілген пікірталастар оқытушыға білім алушылардың өз пікірін дәйекті айту, ойын сауатты, ашық тұжырымдау, логикалық ойлау, жағдайды (құбылысты, оқиғаны) талдау, қорытынды жасау, қарсыласты тыңдау және есту, ең маңыздысы – қарсыластарға құрметпен қарау сияқты дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

 

Оқытушылар пікірталастар туралы, оларды ұйымдастыру және өткізу, пікірталасқа қатысушылардың жұмыстарын бағалау туралы теориялық білім алып қана қоймай, пікірталасқа өздері де қатысуға мүмкіндік алды. Өткізілген ойын қорытындысы бойынша әрбір қатысушы жаттықтырушыдан кері байланыс, сондай-ақ белгілі бір рөлде өнер көрсетуді жақсарту бойынша кеңестер алды.

Online қабылдау