Алматы қ. креативті индустрияларды дамыту стратегиясы» тақырыбындағы фасилитациялық сессия

2022 жылдың 11-12 ақпанында «Туризм және сервис» кафедрасының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Галия Шаукетовна Файзуллина Алматыда креативті индустриялар Кеңесінің мүшесі ретінде Алматы қаласы әкімдігінің креативті индустриялар басқармасы ұйымдастырған «Алматы қаласында креативті индустрияларды дамыту стратегиясы»тақырыбындағы фасилитациялық сессияға қатысты.

 

Қатысушы қонақтарды AlmaU жылы қарсы алды. Екі күндік жемісті жұмыс барысында білім беру, туризм және креативті индустрияның түрлі бағыттарындағы мүдделі өкілдер тобы: «Неге қазір солай? Болашақтың көзқарасы қандай? Жағдайдың өзгеруі үшін қандай әрекеттер жасау керек?». Стратегияны іске асыру бойынша нақты қадамдар жобалық топтардың онлайн-кездесулерінде пысықталатын болады, нәтижелері 17 ақпанда қала әкіміне баяндалатын болады.

Online қабылдау