«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары 2022 жылдың 10 ақпанында (17.00) Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің студенттерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесу өте нәтижелі болды. Ұстаздар «Тұран» университетінде білім алудың ерекшеліктері мен артықшылықтарын айтты. Студенттер «Есеп және аудит» мамандығы бойынша қосымша білім алу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.