2022 жылдың 18 ақпанында “Маркетинг және логистика” кафедрасының серіктесі “1С-Сапа” компаниясының базасында “1С:Кәсіпорын 8″платформасында есептеу-аналитикалық тапсырмаларды бағдарламалау бойынша Халықаралық олимпиада өтті.
Компания “1С” бағдарламалау бойынша олимпиаданы бұрыннан бері өткізіп келеді, содан бері ол халықаралық олимпиадаға айналды, тапсырмалар мен тәсілдер өзгерді, қатысушылар саны өсті және өсуді жалғастыруда, ал “1С” фирмасы жетекші жоғары оқу орындарымен және “1С” серіктестерімен бірге бүкіл Қазақстан және басқа елдердің талантты студенттерімен және түлектерімен жұмысын жалғастыруда.
Олимпиадаға “Логистика” білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Хамидова Гузель, Бородаенко Карина, Бакиева Камила, Симонова Кристина, Субботин Александр қатысты. Команданы олимпиадаға қатысуға т.ғ. к., “Маркетинг және логистика” кафедрасының қауымдастырылған профессоры Кулик Вероника Борисовна дайындады.