«IELTS preparation» семинары IELTS Mark Jonatan Stegen халықаралық емтиханына дайындық бойынша үздік оқытушылардың бірі

2022 жылдың 18 ақпанында IELTS mark Jonatan Stegen халықаралық емтиханына дайындық бойынша үздік оқытушылардың бірі “IELTS preparation” семинары өтті.

 

Семинарда IELTS емтиханының негізгі аспектілері қарастырылды және олардың көмегімен жоғары балл жинауға болатын практикалық кеңестер мен тәсілдер ұсынылды.

 

Mark Jonatan Stegen (Speaking, Listening, Reading and Writing) емтиханның төрт бөлігінің әрқайсысына (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) кезек-кезек назар аудара отырып, тиімді дайындықтың құпияларын ашты, себебі емтихан алушылар сөйлеу және жазу бөліктерін бағалау кезінде бірінші кезекте назар аударады.

 

Семинардың 60-тан астам қатысушысы: студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сертификаттар алу мүмкіндігіне ие болды.

Online қабылдау