«Тұран» университеті 2022 жылы TOEFL iBT халықаралық емтиханын қабылдау бойынша “ЕСС Global” халықаралық компаниясынан “TOEFL Center” сертификатын алды

“Тұран” университеті кезекті рет аккредитациядан өтіп, 2022 жылы TOEFL iBT халықаралық емтиханын қабылдау бойынша “ЕСС Global” халықаралық компаниясынан “TOEFL Center” сертификатын алды.

 

TOEFL (ағылшын тілін шет тілі ретінде тестілеу) – бұл ағылшын тілін шет тілі ретіндегі халықаралық тест.

 

TOEFL тестін Educational Testing Service (ETS) ұйымы, Принстон университеті (Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген.

 

TOEFL–дің негізгі мақсаты-ағылшын тілі ана тілі болып табылмайтын адамдардың дайындық деңгейін бағалау. TOEFL нәтижелерін ұсыну АҚШ, Канада және басқа да елдердің 2400-ден астам колледждері мен университеттеріне түсудің қажетті шарты болып табылады. TOEFL сертификаты-шетелдік университеттерге қабылдау кезінде MBA бағдарламасы бойынша оқу үшін, ағылшын тілінде тағылымдамадан өту құқығын алу кезінде немесе ағылшын тілін білуді талап ететін жұмысқа орналасу үшін қажетті құжат. Кейбір ғылыми және кәсіби сертификаттау бағдарламалары үміткерлерден TOEFL тапсыруды талап етеді. TOEFL сертификаты екі жылға жарамды.

 

TOEFL емтиханының басты ерекшелігі-бұл ағылшын тілінің американдық нұсқасына негізделген, сондықтан TOEFL-ді сәтті тапсыру үшін American English тілін British English тілінен ажырататын лексикалық және грамматикалық қыр-сырын түсіну керек.

 

Барлық ниет білдірушілерді Тұран университетінде емтихан тапсыруға шақырамыз, TOEFL iBT тіркелу үшін сізге компанияның www.ets.org/toefl ресми сайтына кіру қажет. Test Centers and Dates бөлімінде орталықтардың тізімін және емтихан қабылдау күнін көруге болады. Ол үшін елді (Kazakhstan) таңдап, одан әрі қалалар тізімінен Almaty, Turan University іздеу керек.

Online қабылдау