Қазақстан Республикасы ІІМ шақыруы бойынша 2022 жылғы 15 ақпанда “Тұран” университеті жанындағы Құқық ҒЗИ директоры, “Тұран” университеті Құқықтану және халықаралық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, отставкадағы әділет полковнигі Т.К. Акимжанов ведомствоаралық топ әзірлеген “Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасының қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптаулардың алдын алу және қатыгез қарым-қатынас саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша жария тыңдауларға қатысты.
Т.К. Акимжанов өз сөзінде талқыланып жатқан мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бөлігінде талқыланып жатқан заң жобасын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын айтып, енгізді. Сондай-ақ, Т.К. Акимжанов университеттің ғылыми-зерттеу тақырыптары аясында “Тұран” университетінің қызметкерлері жүргізген ғылыми зерттеулердің алынған нәтижелеріне сүйене отырып, Құқық қорғау органдарының құқық қолдану қызметін жетілдірудің басқа да жалпы тұжырымдамалық мәселелерін қозғады.