«ЖОО студенттерінің тәжірибесі мен жұмысқа орналасуын ұйымдастыру» атты форсайт-сессиясы

2022 жылғы 25 ақпанда «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының 3-4 курс студенттері үшін ZOOM алаңында онлайн форматта Форсайт-сессия өтті. Сессия тақырыбы ЖОО білім алушыларының кәсіптік тәжірибесі мен жұмысқа орналасу мәселелерін талқылау болды. Іс-шара аясында 4 курс студенттері: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жұмабек Арайлым – «Туризм» ББ, «Тұран» университетінің Горбунов Тимур – «МБжМІ» ББ, өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Тәжірибе мамандары: Выприцкая Надежда Николаевна, «Grande Voyage» ЖШС менеджері, гид; Измайлова Екатерина Маратовна, «Клевер Тур» ЖШС менеджері; Кудебаев Расул Болатбекович, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, «Гранд отель Тянь-Шань», Holiday Inn және Novotel қонақ үйлерінде жұмыс тәжірибесі бар қабылдау бөлімінің супервайзері.

 

Студенттер алдында Искакова Адия Батыржановна сөз сөйледі, ол кәсіптік бағдар, мансаптық кеңесші, «Innovation» ғылыми-білім беру орталығының директоры мамандық таңдаудағы кәсіптік бағдардың рөлі туралы айтты. ҚТА және ҚМжМА жанындағы қонақжайлылық индустриясының Сертификаттау орталығының директоры Зайтуна Тохтаровна Ахиярова туризм және қонақжайлылық индустриясының болашақ мамандарын сертификаттау қажеттілігі туралы айтты.

 

Білім алушыларға болашақ мамандану бойынша өз көзқарасын өзін-өзі анықтау және қойылған мақсатқа жету жолдарын анықтау жаттығуын орындау ұсынылды.

 

ҚазҰУ, сертификаттау орталығы және КАГиР, ҒБО «Innovation» іс-шараның серіктестеріне алғысымызды білдіреміз.

Online қабылдау