Онлайн режиміндегі қонақ дәрісі

2022 жылғы 22 ақпанда Атырау облысы Атырау қаласының № 2 судьясы Э.А. Ойкулованың “Құқықтану” мамандығының студенттеріне арналған «ҚР ҚПК жаңалықтары бойынша бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында онлайн режимінде қонақ дәрісі өтті.

 

Қонақ дәрісінің ұйымдастырушысы “Құқықтану және ХҚ” кафедрасының қауымдастырылған профессоры, з.ғ.к. Н.А. Алдабергенова болып табылады.

 

Аталған дәріс студенттер тарапынан аса қызығушылық тудырып, тақырып аясында коптеген сұрақтар қойылды. Болашақ заңгерлерге практик-мамандармен оқылатын дәрістердің берер пайдасы мол. Студенттер қылмыстық істердің сотта қаралу мәселесіне байланысты теориялық тұрғыдан алған білімдерін тәжірибелік тұрғыда ұтымды ұштастыруға бірегей мүмкіндік алды.

Online қабылдау