«Тuran Film Academy» Жоғары мектебінің “Режиссура” білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Манапова Дарина Базельдегі қысқа метражды фильмнің түсірілімін аяқтады

«Тuran Film Academy» Жоғары мектебінің “Режиссура” білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты және бакалавриат түлегі Манапова Дарина Базельдегі  кинорезиденциясы базасында түсірірген, қысқа метражды фильмнің түсірілімін аяқтады. «Прима» деп аталатын фильм Базель кино үйінің қолдауымен түсірілді,  кинорезиденцияға Дарина 2022 жылдың қаңтарында іріктеуден өткен.

 

Түсірілім тобына Швейцария киноиндустриясының қайраткерлері, сондай-ақ Үндістан мен Италия сияқты түрлі елдердің кино қайраткерлері кірді.

 

Манапова Дарина жобаны продюсер, сценарий авторы және режиссері ретінде құрды. Бұл оның бірінші халықаралық жобасы.

 

Базель кинорезиденциясында  Даринаның дипломдық жоба аясында орындаған “Қашу” фильмінің көрсетілімі өтті.

Online қабылдау