“Аймақтану және халықаралық қатынастар” кітап көрмесі

1-31 сәуір аралығында “Тұран” кітапханасында “Аймақтану және халықаралық қатынастар” кітап көрмесі өтеді.
Кітап көрмесінде қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жетекші баспалар ұсынған кәсіби әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен таныса аласыз. Сонымен қатар “Тұран” университетінің оқытушыларының ғылыми еңбектері қойылған.

 

Көрме келесі тақырыптардағы әдебиеттерді ұсынады: халықаралық қатынастар және әлемдік саясат, Орталық Азияның геосаяси эволюциясы, аймақтану және тағы басқалар.

Қабылдау комиссиясы