2022 жылдың 30 наурызында Тұран университетінің White Hall залында «Еуропалық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өтті, семинар спикері Иоан Димитров, Варна Экономикалық университетінің халықаралық бөлімінің үйлестірушісі, Варна, Болгария.
И.Димитров тәжірибені зерделеу және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қалыптастыру мақсатында Erasmus+ бағдарламасының ұтқырлығы аясында Тұран университетіне іскерлік сапармен келді.
Варна Экономикалық университеті Тұран университетінің стратегиялық маңызды серіктестерінің бірі болып табылады. Университетте 4 факультет бар: қаржы және есеп, экономика, информатика, менеджмент, факультетаралық тіл кафедрасы және туризм колледжі. Оқыту үш тілде жүргізіледі: болгар, ағылшын және орыс.
И.Димитров Варна экономикалық университеті туралы кіріспе презентация жасап, Erasmus+ бағдарламасы бойынша өзінің жұмыс тәжірибесімен, сондай-ақ, Болгарияда оқитын шетелдік студенттерге қолдау көрсету түрлерімен бөлісті. Сонымен қатар, ол Варна Экономикалық университетінің қызықты студенттік өмірі туралы сөз қозғады.
Варна экономикалық университетінде 2021-2022 күзгі семестрде білім алған төртінші курс студенті Давутова Румилям да студенттердің алдында сөз сөйлеп, оқу барысында алған әсерімен бөлісті.
Бұл кездесу студенттерге халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысуға мотивация бергеніне сенімдіміз!