«Туризм» білім беру бағдарламасының практикалық сабақтары

2022 жылдың 29 наурыз және 01 сәуір күндері практикалық сабақ аясында «Тұран» университетінің «Туризм» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Travelport (Galileo) кеңсесіне барып қайтты.

 

Travelport Galileo International Еуропа, Таяу Шығыс және Африканың 80-нен астам еліне қызмет көрсетеді. Брондау жүйесін 68 000-нан астам әуе билеттерін, қонақ үй нөмірлерін, круиздік турларды, автомобильдерді жалға беру және сату орындарында пайдаланады. Galileo жүйесінде 500-ден астам авиакомпания, 431 туроператор, 650 мыңнан астам қонақ үй, 28 автокөлік жалдау компаниясы, бүкіл әлемнің 9 круиздік тобы бар.

 

Көшпелі сабақ барысында университет студенттері брондаудың жаңа жүйесін, оның функциялары мен мүмкіндіктерін қарастырды. Туризм мен сервистегі электронды брондау жүйелері саласындағы практикалық білімдерінің арқасында олар ұқсас бағдарламаларда жұмыс істей алатындығын көрсетті. Сонымен қатар, 10 студент Galileo(Smartpoint) брондау жүйесінде тегін оқуға Mr Rizvan Алматы кеңсесінің бас директорымен шақырылып, одан әрі жұмысқа орналасты.

Online қабылдау