28.03.2022 мен 04.01.2022 аралығында Эразмус+ ұтқырлық алмасу бағдарламасы аясында Варна Экономикалық университетінің халықаралық бөлімінің үйлестірушісі Иоан Димитров Тұран университетінде іскерлік сапарын өткізді. Жұмыс сапары барысында Иоан Димитров Халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесіп профессорлық-оқытушылар құрамы үшін «Халықаралық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері: Эразмус+, DAAD, Жан Монне, Болашақ» тақырыбында семинар өткізді. Сондай-ақ, Иоан Димитров Варна Экономикалық Университетінің кіріспе презентациясын жасап, Эразмус+ бағдарламасы бойынша жұмыс істеудегі жеке тәжірибесімен бөлісті. Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Куттыбаева Г.Е. Тұран университетінің алмасу бағдарламаларының негізгі бағыттары жайында презентация жасады, сонымен қатар түрлі стипендиялық бағдарламаларға қатысу өтінімдері туралы толық ақпарат берді.
Қатысушылардың пікірлері бойынша айтарлықтай нәтижелі семинар университет қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамын халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысуға ынталандырды.