Ғылым өнермен қашан байланысады?

2022 жылдың 6 сәуірінде сағат 11.00-де (White hall) «Тұран» университеті қонақтарды, танымал «Ахмет – ұлт ұстазы» фильмінің жетекші актерлер тобын, сондай-ақ, Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасын қолданбалы зерттеудің маман-авторларын қарсы алады.

 

Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ахмет – ұлт ұстазы» атты дөңгелек үстел ғылыми әлем өкілдерін: тіл білімі Институтының, тілдерді дамыту Басқармасының, Байтұрсынұлы музей-үйінің ғалымдарын, сондай-ақ, қазақ ағартушысы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түрколог, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы танымал фильмде басты рөлдерді сомдаған белгілі театр және кино актерлерін біріктіреді.

 

Пікірталас алаңы басталғанға дейін және үзілістерде қонақтарға гуманитарлық-заң факультетінің («Журналистика және аударма ісі» кафедрасы) студенттері ұйымдастырған концерттік бағдарлама ұсынылады.

Online қабылдау