«Туризм және сервис» кафедрасы оқытушыларының Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің бітіруші курс студенттерімен кездесуі

2022 жылдың 4 сәуірінде “Туризм және сервис” кафедрасының оқытушылары мен студенттері маркетинг департаменті және қабылдау комиссиясының қызметкерлерімен бірге Алматы сервистік қызмет көрсету колледжіне барды. Кездесуде колледждің болашақ түлектері “Тұран” университетіне түсу ерекшеліктері, оқуды жалғастырудың маңыздылығы және талапкерлерді оқу кезінде күтетін мүмкіндіктер туралы ақпарат алды. Кездесу жағымды және ақпараттық түрде өтті. Түлектер “Туризм”, “мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі” білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды. Кездесуге түрлі мамандықтағы бітіруші курстардың 250 студенті қатысты.

 

Алматы колледжімен қарым-қатынасымыз мұнымен тоқтаған жоқ, біз оның түлектерін университетіміздің қабырғасында көруге қуаныштымыз! Дұрыс әрекет етіңіздер, “Туранға”түсіңіздер!

Online қабылдау